Щучинск қаласында бас қосқан ҚР және РФ әскери мекемелерінің өкілдері өзара ынтымақтастық мәселесін талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Щучинск қаласында бас қосқан ҚР және РФ әскери мекемелерінің өкілдері өзара ынтымақтастық мәселесін талқылауда

Щучинск қаласында бас қосқан ҚР және РФ әскери мекемелерінің өкілдері өзара ынтымақтастық мәселесін талқылауда

26-27-наурызда Щучинск қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қазақстан және Ресей әскери мекемелері өкілдерінің қатысумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Наурыз 2004
  • 480
Фото - Caravan.kz

Шараға ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев пен РФ Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Александр Скворцов қатысуда.

ҚР қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Әскери ынтымақтастық — халықтардың ұжымдық қауіпсіздігі мен достығын нығайтуға жасалған бір қадам» тақырыбын арқау етіп алған бұл бас қосу Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына 10 жыл толу оқиғасымен орайластырылған. Бас қосуға қатысушылар саладағы өзекті проблемалар бойынша өзара пікір алмасып, баяндамалар жасауда.
Конференция соңында қатысушылар Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасымен танысып, «Қазақстан және Ресей : бейбітшілік үшінгі ынтымақтастық» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған фотокөрмені тамашалайды.

Соңғы жаңалықтар