Шөкеев «Самұрық-Қазына » менеджерлерінің қанша жалақы алатынын айтпады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шөкеев «Самұрық-Қазына » менеджерлерінің қанша жалақы алатынын айтпады

Шөкеев «Самұрық-Қазына » менеджерлерінің қанша жалақы алатынын айтпады

Өмірзақ Шөкеев жалақысының тым аздығын айтып, мұңын шақты. Еліміздегі ең ірі ұлттық компаниялардың активтерін басқаратын «Самұрық Қазына» топ-менеджерлерінің айлығы шетелдік әріптестерімен салыстырғанда бірнеше есе төмен екен. Сондықтан Шөкеев, қор қызметкерлері «ақшаны қырып табады» деп жиі сынамауды сұрап отыр.

  • 21 Ақпан 2015
  • 234
Фото - Caravan.kz

Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасы:

Біз жалдамалы менеджерлерміз. Жалақымызды «Самұрық-Қазынаның» акционерлері  белгілейді. Олар біздің пікірімізді сұрамайды да. Айлығымыз халықаралық деңгеймен салыстырғанда бірнеше есеге, ресейлік әріптестерімізге қарағанда екі есеге аз. Тіпті Қазақстандағы жеке компаниялардағы жалақыдан да төмен.

Төраға сол аз деген айлықтың көлемін ақыры айтқан жоқ. Ал бәсекелестікке төтеп беру үшін «Самұрық Қазына» шетелдерден білікті маман шақыртып, қызметке қабылдауға мәжбүр екен. Бірақ, оларға жұмысының нәтижесіне қарай жалақы тағайындалады деп сендірді Шөкеев. Бірақ, көрпеге қарай көсілу керек. Себебі, мұнай мен Ресей рублінің құлдырауы кесірінен холдинг жоспарлаған орасан табысынан қағылған. Сондықтан шығыны көп ірі инвестициялық жобаларынан жаппай бас тартып жатыр. Тек биылдың өзінде  ауқымды бағдарламаларға бөлініп қойған 524 миллиард теңгені жұмсамайтын болыпты. Тіпті соңғы 3жылда 2 мыңнан астам қызметкерін қысқартқан.