Шортанды ауданында жауған бұршақ аралас жаңбырдың салдарынан 6 мың гектардан астам егін шығын болды
![]() |
Ақмола облысының Шортанды ауданында жауған бұршақ аралас жаңбырдың салдарынан бірқатар шаруашылықтардың егістіктеріне зиян келтірілді. |
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
Шілденің 26-27 күндері жауған нөсер жаңбыр мен бұршақтан Шортанды ауданының Бозайғыр және Новокубанка селолық окруктеріндегі он шақты шаруашылық зардап зардап шегіп отыр. Оның ішінде Бозайғыр селолық округіне қарасты «Төңкеріс» ЖШС-да 3406 гектар бидай, «№5Агротехникалық колледжд» 250 гектар бидай мен 50 гектар арпа, «Элит-Жер» ЖШС-де 1000 гектар арпа және 204 гектар сұлы, «Аманжол» ШҚ-да 120 гектар бидай, «Ғасыр» ШҚ -да 270 гектар бидай,«Дулат» ШҚ-да 50 гектар арпа, «Нияз» ШҚ -да 398 гектар бидай, 75 гектар арпа және 1 гектар картоп, «Дарияр» ШҚ -да 216 гектар бидай алқабына зиян келтiрiлсе, Новокубанқа селолық окургіндегі «Новокубанское» ЖШС-нің 300 гектар бидайы мен 60 гектар зығыры басылып қалған.
Алдын ала есеп бойынша табиғаттың тосын сыйынан барлығы 6339 гектар дәнді дақылдар, 60 гектар майлы дақылдар және 1 гектар картоп шығын болған.
Қазіргі кезде Шортанды ауданы әкімдігімен арнайы комиссия құрылып, шығын көлемі анықталуда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін