Шошқаға субсидияны неге көп береді? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шошқаға субсидияны неге көп береді?

Шошқаға субсидияны неге көп береді?

Жеріміздің 70 пайызы жайылым екенін ескерсек, төрт түлік малды қолдап, оның етін арзандату арқылы халықты қолжетімді өніммен қамтамасыз етуге жол ашылар еді.

  • 4 Мамыр
  • 18
Фото: ашық дереккөз

Шошқаға субсидия 40 есе көп беріледі екен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазір шыны керек, еттің қымбаттағы соншалық, көпшіліктің түсіне кіретін болып жүр. Қысты соғымсыз қарсы алатын қазақ көбейіп барады. Өйткені ет бағасы жыл өткен сайын шарықтап барады. Төрт түлік малдың сүтін, терісін тиімді пайдалансақ, ұтымды кәсіп сол болар еді. Егер шошқа өнідірісі соншалықты көп табыс әкелетін бизнес болса, оны субсидиялап не керек? Неге біз өзі дөңгелеп тұрған кәсіпке мемлекет тарапынан көмек беруіміз керек? Одан өзіміздің атакәсібімізді дамытайық. Өз халқымыз етсіз отырғанда, көршіміз үшін шошқа баққан не сәніміз?!

Атакәсіп төрт түліктің бірі саналмаса да, еліміз шошқа өсіру ісіне аса ден қойып отыр. Шошқаға неліктен субсидия көп бөлінеді? Бұл сұраққа журналист Сәуле Әбілдаханқызы жауап берді.

«Біріншіден, мемлекеттің қаржысын, халық қазынасын мол ұрлаудың оңай жолы. Шошқаны күтіп баптаудың керегі жоқ, таза жайылым, таза қора, таза жем-шөп, адал бақташы деп бас қатырмайды, қоқыс, жуынды, боқ-сідікке семіріп, өз нәжісіне өзі аунап жата береді.

Логикаға салсақ, керісінше, шошқаға субсидия берілмеу керек қой, ал өңге малға көбірек берілу керек, өйткені басқа малды бағудың шығыны да, машақаты да көп.

Яғни, шығыны нөлге жуық шошқаға бөлінген субсидия 99% қалтада қалады, откат жақсы беріледі әрі сойып сатқанда 200% пайда түседі.

Екіншіден, алақандай жерде 10-20 даналап туып, тез көбейеді, оңайлықпен өле қоймайды.

Үшіншіден, шошқаның етін жақсы көретін шошқалар көп.

Төртіншіден, шұжық өндірушілер мен кафе-мейрамханаларға өтімді.

Бесіншіден, Үкімет халықтың адал ас жегенін, денсаулығы мықты болуын қаламайды, шошқаға айналып кетпеуін мемлекеттік стратегия деп қарамайды. Өйткені ұлттық қадір-қасиеттен жұрдай бейқасиеттер.

Алтыншыдан, билік Құдайдан алыс. Құдайдан қорықпайды. Әйтпесе шошқаға субсидия бөлуді мүлде тоқтатып, жылқы, түйе, қой, ешкі, сиыр малына көптеп субсидия және жайылымдық жер бөлер еді.

«Шошқаға ерген — боққа аунар…» деген сол… Құдай сүймейтін тірліктің арты жақсы болмайды.

30 жылдық нәннің өмірі, жүйесі көрсетті емес пе? Ойланыңдар… Құдай сүйетін тірлік қылыңдар.

Жылқыны шошқамен бірге боқ қорада ұстаған адамды жауапқа тартып, субсидия алған болса, түгел қайтартып, ендігәрі субсидия, тендер дегендерге мүлде қатыса алмайтын етіп қара тізімге салу керек!».

Соңғы жаңалықтар