ШҚО әкімдігінде бірқатар тағайындаулар орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімдігінде бірқатар тағайындаулар орын алды

ШҚО әкімдігінде бірқатар тағайындаулар орын алды

Шығыс Қазақстан облысы жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып Асқар Можанов, мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының жаңа басшысы болып Нұрболат Ахметжанов тағайындалды.

  • 27 Қараша 2013
  • 436
Фото - Caravan.kz

.

А.Можановтың мемлекеттік басқару органдарында жұмыс тәжірибесі бар. Өскемен қаласы спорт және туризм бөлімінің бастығы, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, ШҚО Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, апаттардың және дүлей апаттардың алдын алуын және жоюын ұйымдастыру жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

2013 жылғы тамыз айынан бері «Орика-Казахстан» АҚ-ның корпоративті мәселелер жөніндегі директоры қызметін атқарған, деп хабарлады ақпарат орталығында.

Нұрболат Ахметжановтың екі жоғары білімі бар. 1990 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын «домбыра, концерттік орындаушы, оқытушы» мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Қазақ тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңгер, экономика саласында құқықтық реттеу бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Нұрболат Ахметжановтың мәдениет және өнер саласындағы әр түрлі қызметтерді атқарған тәжірибесі бар. Концертмейстер, Павлодар облыстық филармониясы қазақ халық аспаптары оркестрінің директоры, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Өнер, мәдениет және тілді дамыту, талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.


Соңғы жұмыс орны — ҚР МАМ Мәдениет комитеті музыкалық өнер басқармасының бастығы.

Нұрболат Ахметжановтың қызмет жолы және кәсіби тәжірибесі оның жаңа қызмет саласын жақсы жағына қарай өзгертуге мүмкіндік береді, деп атап өтті облыс әкімінің ақпарат орталығында.