Жарияланды: 560

ШҚО әкімі шағын және орта бизнес жобаларының топтамасына сын-ескертулер айтты

Өскемен. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыстық бюджет пен "Даму" қорының қаражатынан тұратын біртұтас несиелік портфель есебінен шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін ұсынылған жобалар топтамасы бойынша сын-ескертулер айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Естеріңізге сала кетсек, таяуда облыс әкімі "Даму" қорының басшылығымен несиелік келісімге қол қойған. Ол бойынша қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 14 пайызды құрайтын өңірлік кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру кестесін регламенттейді", - деп атап көрсетті әкімдік. Аталмыш құжатқа қол қойыла салысымен облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жергілікті бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын қарастыратын комиссия құрылған. "Комиссия ұсынған жобалар топтамасы бойынша облыс әкімі бірқатар сын-ескертулер айтты. Атап айтқанда, несиелендіруде облыс үшін әлеуметтік-экономикалық құндылығы бар жаңа өндірістер басымдыққа ие болуы тиіс", - деп хабардар етті баспасөз қызметі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін