ШҚО: Асубұлақ кентінде даладан танкіге қарсы мина табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО: Асубұлақ кентінде даладан танкіге қарсы мина табылды

ШҚО: Асубұлақ кентінде даладан танкіге қарсы мина табылды

Шығыс Қазақстан облысының Асубұлақ кентінде жергілікті тұрғын жарылғыш затқа ұқсас зат тауып алған.

  • 17 Шiлде 2015
  • 615
Фото - Caravan.kz

Ол оны күндіз сағат 12-лер шамасында Таинты өзенінің жанынан ашық жерден тапқан, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Арнайы шара жүргізу барысында зат танкіге қарсы ТМ-62 минасы (диаметрі 30 см, ұзындығы 13 см) болып шықты.

Сол күні 16.30-да саперлік рота минаны жою тәркілеп әкетті.


Операцияға Ұлан ауданы ТЖ жеке құрамы, 27943 әскери бөлімінен 26 адам, 7 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлады облыстың ТЖ департаменті.