ШҚО Бұлақ ГЭС құрылысының басталуы екі жылға кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО Бұлақ ГЭС құрылысының басталуы екі жылға кейінге қалдырылды

ШҚО Бұлақ ГЭС құрылысының басталуы екі жылға кейінге қалдырылды

Семей. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында Бұлақ ГЭС құрылысы 2010 жылға қалдырылды. Бұл туралы Семейде өткен баспасөз

  • 13 Ақпан 2008
  • 476
Фото - Caravan.kz


Семей. 13 ақпан. «Қазақстан Бүгін» — Шығыс Қазақстан облысында Бұлақ ГЭС құрылысы 2010 жылға қалдырылды. Бұл туралы Семейде өткен баспасөз мәслихатында «Қазгидропроект» ЖАҚ бас инженері Иосиф Вилковский хабарлады.

«Болжам бойынша құрылыс 2010 жылы басталуы мүмкін. Оған дейін сарапшылар арасындағы келісімдерді аяқтап, бекітілген техникалық экономикалық негіздемелерін орындау керек. Бәлкім, сондай-ақ ол жобаны қарастыратын мемлекеттік органдар тарапынан өзгертулер енгізілуі де ықтимал», — деп түсіндірді И. Вилковский.

Ол хабарлағанындай, Бұлақ ГЭС құрылысы 4 жыл 7 айға жалғасуы мүмкін. «Сөйтіп нысаны 2014 жылы аяқталады деп жоспарлануда», — деді И. Вилковский.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, жобалық ұйымдардың өкілдері Бұлақ ГЭС құрылысы 2008 жылы басталады деп айтқан болатын.

Бұлақ ГЭС-і Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі гидроэлектрстансаларынан кейінгі ГЭС каскадының төртінші сатысы болады.

«Бұлақ ГЭС Шүлбі ГЭС қуаттылығын босатуға мүмкіндік береді. Ал бос болатын қуаттар аймақтағы жүктемелерді азайтып қана қоймай, бүкіл Қазақстанның энергетика саласына септігін тигізеді. Жоба саладағы мәселелерді шешуге жәрдемдеседі», — деді И. Вилковский.

Жобаның жалпы құны 39 млрд теңгеден асады. Бұлақ ГЭС жоспарланған қуаты — 68 МВт құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті