Облыс әкімінің ақпараттық орталығының хабарлауынша, 2014 жылы еліміз қазақстандық велоспорттың 100 жылдығын атап өтеді. Мұнымен қатар «Pro Team Astana» велокомандасы екінші рет «Tour de Frans» көпкүндігінің жеңімпазы атанды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі аталған бастаманы қолдай отырып, сондай-ақ Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тапсырған бұқараны дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту міндетін орындау бағытында екікүндік «Tour de Oskemen» веложарысын өткізеді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Әбіл Дөнбаевтың айтуынша, веложарыс аса ауқымды болмақ.
Айта кетер жайт, жарыс жолы табиғаттың әсем көріністеріне бай жерлермен өтеді.
Оның айтуынша, бәсекеге Ресей мен Өзбекстан спортшылары да қатыспақ. Қазақстан жарыс жолына 7 облыстың командасын, сондай-ақ Astana Pro Team», «Almaty Bro Team» және . әль-Фараби атындағы ҚазҰУ командаларын шығарғалы отыр.
Бұлардан басқа шараға атақты велошабандоздар Асан Базаев пен Дмитрий Муравьев та қатысады. Веложарыс екі кезеңде өтпек. Бәсеке Риддерден бастау алып, Өскеменде мәреге жетеді.
Спортшыларды берілетін сыйақы қорына 5,7 миллион теңге жиналды.