Жарияланды: 700

ШҚО прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек көрсету және көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау барысында көптеген бұзушылықтарды анықтады

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ШҚО прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек көрсету (АӘК) және облыстың барлық аймақтарындағы көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындау барысында көптеген бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олар көп жағдайда АӘК көрсету барысында жіберілген. Азаматтардың көзделген атаулы әлеуметтік көмекті алмағаны жайлы 30 дерек ішінара тексерулер арқылы анықталған. Төленбеген сома көлемі 320 000 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мөлшері 400.000 теңгені құрайтын артық төленген АӘК туралы 33 оқиға тіркелген. Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама орталығында АӘК тағайындау барысында, жанұя құрамындағы ортақ кірісті есептеу кезінде жанұяның қызмет етуші мүшелері негізсіз көрсетілмеген. Өзге жағдайда, оны есептеу кезінде, кіріс туралы ұсынылған мәліметтерде арыз берушімен нұсқалмаған сома есепке алынған. Мысалы, Көкпекті ауданында бір әйелге жәрдемақыны тағайындаудан негізсіз бас тартылған. Ортақ кірісті есептеу барысында, уәкілетті органның қызметкері өз бетімен 21 000 теңгені есепке алған. Алайда арыз беруші мұндай қаржыны көрсетпегн, оларды растайтын құжаттар да жоқ. Тексеру нәтижесінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңнаманың өрескел бұзылғаны анықталған. Олардың ішіне уәкілетті органдардың заңда көзделмеген құжаттарды талап етуін жатқызуға болады. "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы ерекше "қатаңдық" танытқан. Орталықтың қызметкерлері АӘК тағайындау туралы арызға қосымша көрсетілген құжаттардың тізімін өз беттерімен кеңейтіп, қосымша 14 құжат қосып қойған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Аталған әрекеттер азаматтардың АӘК алуын құқылы ететін заңнаманы бұза отырып, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың оңтайлы себептеріне жол ашады. Облыс прокуратурасының органдары өткізген тексеру нәтижесі бойынша, 29 ұсыныс енгізілген. Уәкілетті органдардың 16 заңсыз шешімдеріне наразылық білдірілген және олар заңға сәйкестендірілген, 1 қылмыстық іс қозғалған. Арыз берушілердің жалған құжаттарын ұсыну және лауазымды қызметін асыра қолдану фактісі туралы материалдар қаржы полициясына жіберілген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть