ШҚО: қамауда отырған РФ азаматын соққыға жығу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді
Шығыс Қазақстанда ОВ 156/17 колониясында қамауда отырған РФ азаматы Роман Ганинді ұрып-соғу фактісі бойынша комиссиялық сот-медициналық сараптама белгіленді, деп хабарлады сәрсенбі күні экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз хатшысы Мұрат Жұманбай. |
«Қазіргі уақытта тексеру материалы бойынша нақты жағдайларды анықтап, процессуалдық шешім қабылдау үшін комиссиялық сот-медициналық сараптама белгіленді, оны өткізу ҚР ДСМ «Сот медицинасының орталығы» РМКК Семей филиалының мамандарына тапсырылды», - делінген М. Жұмабайдың ҚазТАГ сұранымына берген жауабында.
Хабарламада айтылғандай, «2011 жылдың 7 мамырында ШҚО бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларының қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша ақпарат қолданыстағы қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес тіркелді».
Қаржы полициясы комиссиялық сот-медициналық сараптаманың нәтижесі мен қабылданған процессуалдық шешім туралы жұртшылыққа хабарлайтынына уәде беріп отыр.
Бұған дейін колониядағы дереккөзге сілтеме жасап хабарланғандай, 7 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖКД бастығы Дулат Ахметов ОВ 156/17 колониясында қамауда отырған РФ азаматы Роман Ганинді ұрып-соққан.
Бұл факт бойынша аймақтық арнайы прокуратура мен қаржы полициясы тексеру жүргізді.
Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті (ҚАЖК) бұл фактіні арандатушылық деп атады. «ШҚО бойынша департамент бастығы қамаудағы азаматты ұрып-соғуға баруы мүмкін емес. Керісінше, ол тәртіпті бақылайды», - деген болатын ҚАЖК ресми өкілі Самал Ғадылбекова.
Ол ҚАЖК тексеру шаралары «2-3 күнге, оқиға орнына бару керек болса (ШҚО-ға) одан да көпке жалғасатынын» айтты. «Осыдан кейін ресми түрде толық жауап береміз», - деген болатын ҚАЖК өкілі.
Алайда ҚАЖК тексеру қорытындысын әлі жариялаған жоқ.
ОВ 156/17 колониясы «қызыл зона» деген атаумен белгілі, онда құқық қорғау органдарының және мемлекеттік құрылымдардың сотталған қызметкерлері жазаларын өтейді, ол Жарма айданының Жаңғыз төбе (Солнечный - ҚазТАГ елді мекенінде орналасқан.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін