ШҚО: құс фабрикасының басшылығы жалақы бойынша уәдесін орындамады
«Капитал құс фабрикасы» ЖШС-інің басшылығы аштық жариялаған жұмыскерлеріне жалақы бойынша қарыздың бір бөлігін өтейтіні туралы берген уәдесінде тұрмады, деп мәлім етті құс фабрикасы жұмыскерлері кәсіподағының төрайымы Ирина Русина. |
«Аштық жариялаған адамдар бүгін кәсіпорынның басшылығына ақша мәселесімен барып еді, оларға ақша жоқ, болмайды да деп жауап қайтарылды», - дедіИ. Русина.
Бұрын хабарланғандай, ШҚО Глубоков ауданының Черемшанка ауылында орналасқан құс фабрикасының 12 жұмыскері 1 маусымда әкімшілік корпустың фойесінде аштық жариялады. Олардың басты талабы – жалақы және зейнетақы қорына төлемдер бойынша қарызды өтеу.
Наразылық акциясына байланысты кәсіпорынға келген ШҚО әкімінің орынбасары Григорий Пинчуктың көзінше азаматтарға Т5-6 мыңнан, фабрика басшылығының ақпаратына сәйкес, жалпы сомасы Т2млн төленді.
Сол күні облыс әкімдігіндегі кеңесте «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-інің директоры Түсіпхан Оразғалиев «3 маусым жұма күні тағы Т5-7 млн төленетінін» айтып сендірген болатын.
Қазір кәсіпорында 171 адам жұмыс істейді. Жалақы бойынша жалпы қарыз Т35 млн, зейнетақы қорына төлемдер бойынша Т75 млн құрайды.
Черемшан құс фабрикасы өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған, ол Черемшанка ауылының қала құрушы кәсіпорны болып табылады. Жылдық өндірістік қуаты – 80-100 млн жұмыртқа. Өткен жылдың желтоқсан айында экономикалық қиындықтарға байланысты фабрика жаңа құрылтайшы «Капитал құс фабрикасы» ЖШС-іне сатылды. Қазіргі уақытта ШҚО Глубоков ауданы бойынша салық басқармасы құс фабрикасын банкрот деп тану туралы арыз түсірді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін