Жарияланды: 470

ШҚО: Үржар ауданында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия жұмыс істеуде

Үржар ауданының жеті бірдей елді мекені қатты жауған бұршақтан зардап шекті.

Негізгі соққы Үржар ауылына тиді - онда бұршақтың диаметр 13 см дейін жетті. Сынған бірнеше ағаш ондаған үйдің шатырларын зақымдаған, терезе шыныларын сындырған. Сондай-ақ 5 мың гектарға жуық егістік алқабын бұршақ ұрып кетті. Табиғат апатынан 4 бұзау, 78 ұсақ мал өлді, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен. Қалған ауылдарда бұршақ мұншалықты қатты жаумағанымен, бірнеше мектеп ғимараты зардап шекті. 7 мектептің шифер шатырлары сынды, терезелері қирады. Ауыл тұрғындары зардап шеккен жоқ. Қазір Үржар ауданында арнайы комиссия жұмыс істеуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін