Әкімдікте атап өткеніндей, «облыстағы жолдарды ретке келтіру үшін арнайы мемлекеттік «Облшығысжол» кәсіпорны құрылды. «2008 жылы қалалық, аудандық бюджеттерде жолдарды жөндеу жұмыстарына, сондай-ақ жергілікті магистральдарды ретке келтіруге қарастырылған қаржы көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 3,8 есе ұлғайтылды. Курчатов, Жарма және Зайсан аудандарында қаржы көлемі 10 есеге көбейтілді», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, аудандар жергілікті жолдарға бөлінген қаржыны 30% ұлғайтпақшы. «Осы жұмыстардың қалай жүргізілетінін «Облшығысжол» кәсіпорны бақылайтын болады», — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Әкімдікте хабарлағанындай, «Ертіс өзенінен өтіп, Өскемен-Таврия-Семей трассасына апаратын жаңа көпір құрылысы және Самара көпіріне темір жол арқылы өтетін көлік жолын салу жобаларының техникалық экономикалық негіздемелері дайындалды».
Баспасөз қызметі еске салғанындай, өткен жылы жолдарды салу және жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 4,3 есеге артық. Осы арқылы 883 шақырым жол жөнделді.
Сонымен қатар, былтырғы жылдың маусым айында ҚР көлік және коммуникация министрілігі мен ШҚО әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Оған сәйкес, жыл сайын республикалық бюджеттен жергілікті жолдарды жөндеуге 1,-1,5 млрд теңге қарастырылады. Өткен жылы республикалық бюджеттен 1025 млн теңге мөлшерінде мақсатты трансферттер бөлініп, игерілді.
Әкімдіктің мәліметтері бойынша, облыстық көлік жолдарының қашықтығы 11,8 мың шақырым, оның 8,4 мың шақырымы жергілікті жолдар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті