«Құтқарушылар дабыл бойынша 50 шақыруға аттанды. Өрт ұшқынының жайылуына, адамдардың селқостығы мен абайсыздығы себеп болған», — деп құлағдар етті ШҚО ҚСД баспасөз қызметінде.
«Глубокое ауданында көмір қышқыл газынан 4 адам уланып, қайтыс болды. Риддер, Семей қалалары мен Шемонаиха ауданында 3 адам қатты күйікке шалдығып, көз жұмды. Ал Өскемен қаласында өрт сөндірушілер екі адамды жылу желісінің құдығынан тапты «, — деді баспасөз қызметіндегілер.
«Зардап шеккендер арасында бір адамды құтқарып алуға мүмкіндік туды. «Медициналық жедел жәрдем қызметі» қол буынының 3 дәрежелі күйігіне шалдыққан адамды ауруханаға жеткізді», — деп атап өтті мамандар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті