ШҚО-да 7-сынып оқушысы штрих-кодты ұялы телефон арқылы оқитын бағдарлама ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да 7-сынып оқушысы штрих-кодты ұялы телефон арқылы оқитын бағдарлама ойлап тапты

ШҚО-да 7-сынып оқушысы штрих-кодты ұялы телефон арқылы оқитын бағдарлама ойлап тапты

Шығыс Қазақстан облыстық математика және физика саласындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектептің 7-сынып оқушысы Богдан Саакян күнделікті қолданыстағы тауарлардың штрих-кодын ұялы телефон арқылы оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама ойлап тапты. Ол өзінің жаңалығын жұртшылық назарына Шығыс Қазақстан облыстық «IT Восток -2013» бірінші көрмесінде ұсынды.

  • 9 Желтоқсан 2013
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Мұны істеу оңай. Ұялы телефонның фотокамерасына кез-келген өнімнің штрих-кодын түсіре, экранға өндіруші мен өнімді пайдалану туралы толық ақпарат шыға келеді», — дейді Богдан.

Көрменің іскерлік бағдарламасының аясында келушілер үшін ақпараттық секциялар ұйымдастырылды: «Microsoft» бұлтты технологиялар негізіндегі кешенді шешімдер, деректерді қорғау, Smart City, IT саласында бизнесті ұсынуға арналған шешімдер, бизнес инкубатор. «Касперски зертханасы», «ESET», «1С», «2ГИС», «SOYLEM» және «Dr.Web» компаниялары тыңдаушыларға өздерінің соңғы өнімдерін ұсынды, сондай-ақ «Microsoft Казахстан» компаниясы байқау ұйымдастырды.

Көрмеге 30 ұйымның 70 жаңалығы қойылды, деп хабарлайды altaynews.kz.