Жарияланды: 460

ШҚО-да Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО-да Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды

Тоқсейітов Нұржан Тілеужанұлы Бесқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды, ол бұдан бұрын Зырян ауданы әкімінің орынбасары болған. 

Н.Тоқсейітов 1960 жылы 6 шілдеде ШҚО Бесқарағай ауданында туылған. Өз қызметін туған ауданындағы «Семеновский» кеңшарында жұмысшы ретінде бастап, 1979-1981 жж. әскери борышын өтейді.

Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтына түсіп, оны бітірген соң ветеринар дәрігер болды, 1990 жылы Мәскеуге Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институтына аспирантураға түседі. Өз қызметін ғылыми қызметкер ретінде жалғастырады, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шығады.
Мәскеуде бірлескен ресей-венгриялық кәсіпорында жетекші маман болды, «Семей-Агро» ЖШС, Ақбұлак» АҚ, «Кен-Холдинг» ЖШС кәсіпорындарын басқарды. 
ШҚО аумақтық жануарлар мен өсімдіктер әлемін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы, Алматы қ. «Алрун» ЖШС бас директоры, облыстық АШБ бастығының орынбасары, Зырян ауданы әкімінің орынбасары болды, ШҚО ветеринария басқармасын басқарды.
Бесқарағай ауданының бұрынғы әкімі Сыдықов Нұрлан Батташұлы Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін