Жарияланды: 290

ШҚО-да боран тұратындығы жөнінде ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстанда боран тұратындығы жөнінде ескерту жарияланды. Бүгіннен бастап желдің секундына 15-20 метрге дейін жылдамдықпен соғуы, жел екпінінің 25 метрге дейін жетуі, қар, бұрқасын күтілуде. 20-21 қараша күндері түнде ауаның температурасы 15-20 градусқа дейін суытады. ТЖ қызметі тұрғындарға қаланың сыртына сапарлауға шектеу қойып, жолдарда мұқият болуға кеңес береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін