Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, тұрғындарға аса сақ болуды ескертуде. «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының маманының айтуынша, Зырян қаласында өңірдегі ең суық температура тіркеліп, сынап бағанасы 38 градусқа төмендеген.
Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өскемен, Риддер қ. Жаңа Бұқтырма, Глубокое ауылдарында екінші дәрежелі ҚМЖ (қолайсыз метеорологиялық жағдай) 4 ақпаны сағат 21.00-ге дейін сақталатынын хабарлайды.