ШҚО-да өрттен ана мен екі бала көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да өрттен ана мен екі бала көз жұмды

ШҚО-да өрттен ана мен екі бала көз жұмды

Бүгін Алмасай селолық округінде болған өрт үш адамның өмірін қиды, олардың екеуі 4 және 3 жасар балалар, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 404
Фото - Caravan.kz

Жалынды көршілер байқап, өрт сөндірушілерді шақырды. Ауыл тұрғындары құтқарушыларды күтпей-ақ балаларды үйден алып шықпақ болды.  Алайда бөлмеде болған ұл мен қызға иіс тиіп үлгерген. Бүкіл үй отқа оранды. Жалын  64 шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнында 3 автоцистерна мен 12 құтқарушы жұмыс істеді.

Өрт сөндіру кезінде сақшылар әйел адамның мәйітін тапты. Ол балалардың анасы болып шықты. Қазір оқиға орнында сарапшылар жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала болжам — отты абайсыз пайдалану.  

Еске сала кетейік, 2 күн бұрын Шемонаиха ауданында ересектердің абайсыздығы, қамсыздығы, мұқиятсыздығы салдарынан үш бала қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар