ШҚО-да Қалбатау ауылында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да Қалбатау ауылында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды

ШҚО-да Қалбатау ауылында сібір жарасына байланысты карантин жарияланды

ШҚО-да Қалбатау ауылынан 35 шақырымдағы Айғай кезек учаскесіне 14 күнге карантин жарияланды.

  • 27 Маусым 2016
  • 786
Фото - Caravan.kz

Сібір жарасы аталған аумақтан тысқары жерге жайылмаған, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазіргі таңда аймақтағы эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдай тұрақталды. Малды мәжбүрлі жою оқиғалары тіркелген жоқ. Ауруханаға жатқызылған тұрғындар тәуір болып келеді, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.

ШҚО тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменовтің мәлімдеуінше, аурудың аталған аумақтан тысқары жерлерге таралмауы үшін қажетті профилактикалық шаралар жүргізілген. Ең бастысы – үй жануарларына қайталап вакцина егілді. Тұрғындар үй-үйді аралап жүріп тексерілді. Белгіленбеген орындардан ет және ет өнімдерін сатып алуға тыйым салынып отыр.

Аурухана жатқан науқастар тәуір болып келеді, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Аптаның соңына қарай үйлеріне шығуы тиіс. Науқастармен қарым-қатынаста болған 29 адам анықталып, барлығы медициналық қадағалауға алынды.

«WhatsApp мессенджері арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Жағдайды жауапты қызметтер бақылауда ұстап отыр.Базарларға тек тексеруден өткізілген ет қана жеткізілуде, сондықтан тұрғындарға алаңдайтын негіз жоқ», – деп атап өтті Ғазез Сүлейменов.


Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай жағдай Қарағанды облысы Шет ауданына қарасты Еркіндік ауылында тіркелген болатын. Онда сібір жарасын жұқтырған 9 адам анықталып, оның екеуі қайтыс болған еді. Бастапқыда 20-21 маусымда облыстық инфекциялық ауруханаға жеті адам жатқызылды деп хабарланды. Олардың қолдарына бөрткен шығып, кейін жараға айналған. Кейін науқастардың саны сегізге жетті.

Успен селолық округіне қарасты Еркіндік ауылында төтенше жағдай енгізілді. Ауылдың барлық тұрғыны, ірі қара және ұсақ мал тексерілді. Малдың сібір жарасынан жаппай қырылу дерегі тіркелген жоқ. Мамандардың айтуынша, бір ғана сиыр ауру жұқтырған. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сәйкес, мал өлген сәттен бастап 15 күнге ерекше режим енгізіледі.

Полицейлер «Аурулармен және өсімдіктерге зиянкестермен күресу үшін белгіленген ветеринарлық ережелерді бұзу» бабы бойынша инфекцияны анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

 

Соңғы жаңалықтар