ШҚО-да Ресей азаматы 17 жыл заңсыз зейнетақы алған - kaz.caravan.kz
  • $ 489.33
  • 566.3
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да Ресей азаматы 17 жыл заңсыз зейнетақы алған

ШҚО-да Ресей азаматы 17 жыл заңсыз зейнетақы алған

ШҚО-да Ресей азаматы 17 жыл заңсыз зейнетақы алған.

  • 28 Ақпан 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

 Көші-қон қызметінің қызметкерлері заң бұзушыны Семей қаласында ұшақ билетін сатып алған кезде анықтады. 

76 жастағы облыс тұрғыны 2001 жылы қазақстандық заңнамаға қарама-қайшы екенін біле тұра Қазақстан азаматтығымен қатар Ресей Федерациясының азаматтығын алған.

РФ азаматының паспортына қол жеткізгеннен кейін ол Ішкі істер органдарына Қазақстан азаматы­ның жеке басын куәландыратын құжаттарын тапсыр­май, сол арқылы осы жолы да Нұр-Сұлтан қаласына дейін әуебилетті сатып алған. Оның үстіне, зейнет жасына жетіп, ол 17 жыл бойы қазақстандық зейнет­ақыны алып келген.

Қазір одан Қазақстан азаматының құжаттары алып қойылды, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін оған Әкімшілік кодекстің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. ШҚО Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқа елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан азаматтығынан шығуды уақытылы тіркеу қажет екенін азаматтарға ескертеді.