ШҚО-да шаруа қожалығының күзетшісі ағайынды екі малшыны атып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да шаруа қожалығының күзетшісі ағайынды екі малшыны атып тастады

ШҚО-да шаруа қожалығының күзетшісі ағайынды екі малшыны атып тастады

ШҚО-да, Қатонқарағай және Зырянов аудандарының шекарасында, Бұқтырма су қоймасының жағалауында

  • 29 Маусым 2015
  • 544
Фото - Caravan.kz

26 жастағы күзетші ағайынды екі малшыны атып тастап, ізін суытпақ болған.  Алдын ала нұсқа бойынша, қылмыстың тууына ішімдік түрткі болған, деп хабарлады YK-news.kz .

30 және 31 жастағы ағайынды А. мен З. Қатонқарағай ауданындағы шаруа қожалықтың малын баққан. Көршілес шаруа қожалықта олардың танысы Зырян ауданының тұрғыны күзетші болып жұмыс істеген.

Үзіліс кезінде А. мен З. күзетшіге барған. Ішімдік ішкен үшеуінің арасында дау туып, 26 жастағы күзетші 12 калибрлі қаруды қолына алып, таныстарына оқ атқан. Кейін қаруды жасырып, өзі ізін суытпақ болды.  

Полицейлер күдіктіні  Зырян ауданында қолға түсірді. Олар қаруды да тапты.


«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қызметкерлеріміз оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.