Қайғылы оқиға 30 мамырда Кеңгірбай би ауылдық округінде «Қараой» қыстағында орын алды.
65 жастағы ер адам мал бағып жүрген кезде найзағай ойнаған. Жай түсу салдарынан шопан ауыр жарақат алып, мерт болды.
Бұл ағымдағы жылда болған бірінші оқиға емес. Сәуір айында Абай ауданында жылқыға жай түскен болатын. Абырой болғанда, оның жанында болған адам термикалық күйік алғанымен, аман қалды.