ШҚО-да төрт қар көшкіні жолдың жабылуына себеп болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да төрт қар көшкіні жолдың жабылуына себеп болды

ШҚО-да төрт қар көшкіні жолдың жабылуына себеп болды

23 наурызда кешке ШҚО Қатон-Қарағай ауданында «Согорное - Барлық (Печи)» тас жолында ауа температурасының көтерілуіне байланысты төрт қар көшкіні орын алды.

  • 24 Наурыз 2016
  • 404
Фото - Caravan.kz

Жолдың 14 және 16 шақырымында болған көлемі  130 текше метр, 400 текше метр, 270 текше метр, және 540 текше метр көшкіндер жолды толық жауып тастады. 

Сағат 23:50 Коробихин ауылдық округінің 2 адамы мен 1 техникасының көмегімен жол тазартылды. Қауіпті аумаққа кірер жерде  полиция бекеттері қойылды.

Жапа шеккендер жоқ.


ШҚО ТЖД хабарлағандай, жұма 25 наурызда Өскемен-Самарское трассасында  95 — 102 км жерінде қар көшкіндері түсіріледі.