ШҚО-да вагондар тіркемеден ажырап, екі жұмысшыны басып калды
![]() |
Кен орнындағы қайғылы оқиға. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында «Востокцветмет» ЖШС «Ертіс» өндірістік кешенінің |
Ертіс шахтасында түнгі сағат 23:00 шамасында қайғылы оқиға орын алды. Жүк тиелген вагондарды клеть арқылы тасымалдау кезінде вагондар тіркемеден ажырап, екі бірдей жұмысшыны басып қалған. Салдарынан 61 жастағы бір жұмысшы оқиға орнында мерт болып, оның 53 жастағы әріптесі ауыр халде аудандық ауруханаға түсті. KAZ Minerals компаниялар тобы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір арнайы комиссия құрылып, аталған оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деп хабарлайды http://24.kz/.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін