ШҚО-да жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған автобус апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған автобус апатқа ұшырады

ШҚО-да жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған автобус апатқа ұшырады

Шығыс Қазақстан облысында ауыр жүк көлігі мен мектеп оқушыларына лық толған жолаушылар автобусы бетпе-бет соқтығысты. Сегіз бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

  • 28 Ақпан 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ktk.kz -ке  сілтеме жасап хабарлайды.

Қоғамдық көлікте Шемониха ауданына жарысқа бара жатқан 35 оқушы отырған. Балалар мінген автобусты жол патрульдік полицясының көлігі бастап бара жатқан екен. Болжам бойынша, Howo жүк көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып, жолға көлденең тұра қалған. Оған автобус келіп соғылады. Апаттан автобустағы 8 бала зардап шекті. Оның біреуінің жағдайы ауыр дейді дәрігерлер.

Милана Хамитова, Өскемен қалалық Ана мен бала орталығы директорының орынбасары:

— "Бір қыз баланың жағдайы ауыр. Бас сүйегі сынған, жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің аяғы сынған. Тағы екеуінің миы шайқалған. Қалғандарының жағдайы орташа, өмірлеріне қауіп жоқ."

 

Соңғы жаңалықтар