ШҚО-да жер үшін талас ушығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да жер үшін талас ушығып кетті

ШҚО-да жер үшін талас ушығып кетті

Шығыс Қазақстанда жер дауы! Каштаг ауылының тұрғындары әкімді жерді оңды-солды сатты деп айыптауда. Айтуларынша, шенеунік жұрттың жалғыз жайылымын әлдебір кәсіпкердің меншігіне берген. Енді жаңа қожайын мал жаюға, қала берді суаруға да тыйым салыпты. Басшыдан араша сұрап барғандар әкім қолын бір сермеп тыңдауға да жарымады деп отыр.

  • 17 Мамыр 2014
  • 436
Фото - Caravan.kz

40 шақты түтіні бар Каштаг ауылы малмен күн көреді. Сол төрт түлігін жайып жүрген жерді енді шенеуніктер сатып жіберген.

Гүлмира Серікбаева, Каштаг ауылының тұрғыны:

-Қазіргі әкім 1 жарым жыл болды отырғанына, Каштагтың қайда екенін де білмейді! Ал енді бізге айтпай, жылы жауып, жерімізді неге сатады ол кісі? Мен соған таң қалам!

Қазір маңайдағы 200 гектар жер өзгенің қолына өткен. Тұрғындар болса, малын амалыздан сонда барып бағуда.

-Каштаг ауылы ну орманның жанында орналасқан. Оның маңында мал жаюға болмайды. Жергілікті жұрт айналадағы жерді сатып алғандар онда ірі қараның кіруіне тіпті, малды суаруға да тыйым салып отыр деп ашынады.

Жайылым сатылған соң иесі көп ұзамай көпшілікті қорқытуға көшкен. Меншігіндегі жерге кірген малды қайтармай, алып қалатынын айтып, сес көрсетіпті. Бұдан қауіптенген қараша енді төрт түлігін ауласынан асыра алмай отыр.

Әбдірахман Есенқұлов, Каштаг ауылының тұрғыны:

-Ана жігіт тайқанның бойындай екен. Дікеең-дікең етеді! Қой басына барып, қойшымды әбден қорқытты! Керек болса, мен сенің аяқ-қолыңды байлап, істегенімді істеймін деді. Мына жерге жайма! Мен сатып алдым дейді!

Мән-жайды анықтамақ болып, аймақтың әкімдігіне бас сұқтық. Алайда, әкім тілшілерді көре сала айқайға басты.


-Че вам надо? Че хотели?

— Вы так со мной не разговаривайте!

— Ты иди-иди, пока!

Ақыры оның орнына қол астындағы қызметкері жауап берді. Сөзіне қарағанда жер сатылмаған, жалға беріліпті.

Ерғали Байтасов, Озерки ауылдық әкімдігінің бас маманы

-Мүмкін рұқсат беруі, бермеуі де мүмкін. Бірақ рұқсат беріп тұр ол жігіт. Ол бізге сондай уәде берген акиматқа, жер комитетіне де. Каштаг меншік малдарына еш зияны болмайды.

Әкімдік қызметкерінің айтуынша, ауыл маңындағы суатқа да мал кедергісіз кіріп, шыға алады екен. Оған ешкім иелік ете алмайды. Ал тұрғындар бұған көнер емес. Қазір құзырлы органдарға шағым әзірлеп жатыр.