ШҚО-ға екі күндік сапармен Австрия делегациясы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-ға екі күндік сапармен Австрия делегациясы келді

ШҚО-ға екі күндік сапармен Австрия делегациясы келді

Шығыс Қазақстанға екі күндік сапармен Австриядан делегация келді.

  • 8 Шiлде 2015
  • 617
Фото - Caravan.kz

Өңір басшысы Даниал Ахметовпен кездесуде ауыл шаруашылығы дақылдары селекциясына, сүт пен ет өңдеу үшін жабдықтар өндіруге маманданған австралиялық компания өкілдері өз қызметінің бағыттары жайлы айтып, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды.

ШҚО әкімі австралиялықтарға өңір ауыл шаруашылығының әлеуеті мен осы саладағы жұмыс жайлы айтып берді. Ол өңірде мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай қалыптасқанын атап өтті.

 «Бізді мал шаруашылығы, оның ішінде асыл тұқымды шаруашылықтың тиімділігін арттыруға байланысты жағдайдың бәрі қызықтырады, сондықтан, бәрін егжей-тегжейлі зерделеп, өз мүмкіндіктерін көрсететін мамандар тобын жіберсеңіздер деймін. Өз кезегінде біз қай учаскеде тығыз жұмыс істеуіміз қажет екенін айқындаймыз», — деді Д. Ахметов.

Өңір басшысының баспасөз қызметінде хабарланғандай, қонақтар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барды. ШҚО агробизнесмендерімен бизнес-кездесуге қатысты.


ШҚО-ның Австриямен тауар айналымы 2014 жылғы 11 айда 12,3 млн долларды құрады. Бұл 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 1,3 есеге көп.

Экспорт 6,3 млн долларды құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 1,2 есеге көп. Импорт 1,4 есеге өсіп, 6 млн долларды құрады.