ШҚО-ның 10 мыңнан астам борышкері шетелге шыға алмай отыр
![]() |
Шығыс Қазақстан облысында өтелмеген банк несиесі, алимент, айыппұл мен салық төлеу бойынша қарыздарына байланысты он мыңнан астам адам шетелге шыға алмай отыр, |
деп хабарлайды жергілікті 1720.kz сайты.
Жалпы, республика бойынша мұндай борышкерлердің саны екі жүз мыңнан асады.
Олардың басым бөлігі, Алматыда тұрады, олардың саны 33 мың адамнан асады. Сонымен қатар, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облысында да борышкерлер саны өзге өңірлерге қарағанда басым.
Осы уақытқа дейін ел бойынша өндірілген қарыз сомасы 96 миллиард теңгеге жуықтады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін