Шри-Ланкада лай көшіп, 200-дей адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шри-Ланкада лай көшіп, 200-дей адам мерт болды

Шри-Ланкада лай көшіп, 200-дей адам мерт болды

[wpcode id="1694287"] Шри-Ланкада алапат су тасқыны құрбандарының саны 200 адамға жуықтады деп жазады Хабар-24. Ұшты-күйлі жоғалып

  • 31 Мамыр 2017
  • 207
Фото - Caravan.kz


Шри-Ланкада алапат су тасқыны құрбандарының саны 200 адамға жуықтады деп жазады Хабар-24. Ұшты-күйлі жоғалып кеткен тағы 94 тұрғынның тағдыры әзірге беймәлім.

Айта кеткен жөн, табиғи апатқа өткен аптадан бері толас таппай тұрған жауын себеп. Салдарынан кейбір өңірде лай көшкіні жүрген. Қазір 1 мың 300 үй толығымен қирап, жарамсыз болып қалған. Тағы 7 мыңына нұқсан келді. Жергілікті билік БҰҰ мен Оңтүстік Азия елдерінен көмек сұрап отыр. Қытай 2 миллион долларға гуманитарлық көмек жөнелтпек. Үндістан да табиғи апат салдарын жою үшін өңірге 300-ден астам сарбаз бен медициналық қызметкерін аттандырды. Ал гуманитарлық ұйымдар денге безгегі не тырысқақ секілді аурулардың таралуынан күдіктеніп отыр.

Соңғы жаңалықтар