Жарияланды: 470

Шу алқабынан 1 тонна 100 келі есірткі дайындаған Алматы облысының азаматы ұсталды

Шу алқабынан 1 тонна 100 келі есірткі дайындаған Алматы облысының азаматы ұсталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында Көліктегі орталық ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Нариман Әбілқасенов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің қызмет көрсету учаскесінде «Кендір-2011» кең ауқымды жедел алдын алу операциясы өткізілуде. Іс-шара барысында, 21 шілде күні Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Шу стансасы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Шу-Аспара» стансысының аралығында жабайы өсіп тұрған көкнәр аймағынан 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген азаматты ұстаған. «Ұсталған азаматтан салмағы 1 тонна 100 келі болатын кептірілген «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді», - деді ол. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолға түскен азамат Шу стансасы желілік ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін