ШҰҒЫЛ: 21 ақпанда ШҚО-да ауа райы бұзылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҰҒЫЛ: 21 ақпанда ШҚО-да ауа райы бұзылады

ШҰҒЫЛ: 21 ақпанда ШҚО-да ауа райы бұзылады

21 ақпан Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт суытып, кейбір аймақта қалың қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

  • 20 Ақпан 2014
  • 458
Фото - Caravan.kz

Хабарламада боран соғып, желдің жылдамдығы 17-22 м/с, ал Жарма ауданында 25-28 м/с дейін жетеді делінген.

Сондай-ақ, облыстың төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні жүріп, бұрқасындатуына орай  ШҚО тұрғындарына елді мекеннен ұзап шықпауды ұсынады. 

Атап айтқанда, тұрғындарға облыстың таулы аймақтарына шықпауды ұсынады, себебі аталған жерлерде қар көшкіні орын алуы ықтимал. Жыл басынан бастап қар массасы 5 тоннадан асатын 7 қар көшкіні орын алды.

Осы орайда «Қазселденқорғау» мамандары тау маңына жарты мыңдай қар тежейтін қалқандар орнатты, қазір бұл жұмыс жалғасын табуда.