ШҰҒЫЛ: Қарғын су 40 үйді шайып кетті - Қызылорда облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҰҒЫЛ: Қарғын су 40 үйді шайып кетті - Қызылорда облысы

ШҰҒЫЛ: Қарғын су 40 үйді шайып кетті - Қызылорда облысы

Күннің күрт жылынуы салдарынан таудан аққан қарғын су Жаңақорған кентінің шығыс жақ беткейінде орналасқан шамамен 30-40 тұрғын үй мен нысандарды шайып кетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісіне аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Жадыра Ерсінбекқызы.

  • 24 Ақпан 2014
  • 756
Фото - Caravan.kz


Оқыс оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылып, қалпына келтіру жұмыстарына ТЖ кезінде әрекет ететін барлық құрылымдар тартылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Жаңақорған аудандық комиссиясының 3 тобы құрылып, су алу салдарынан келген зардаптың шығынын анықтау мен есепке алу жұмыстарын қолға алды. Көшелерге құм төселді. Тұрғын үй аулаларын судан тазарту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар толығымен қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазіргі уақытта қарғын су Самара-Шымкент күре жолы бойындағы Самара-Шымкент-Жаңақорған көпірінің астынан бөгеліп, басқа қауіпсіз бағытқа қарай жіберілуде.