ШҰҒЫЛ: Қызылорда облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҰҒЫЛ: Қызылорда облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр

ШҰҒЫЛ: Қызылорда облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатыр

Қызылорда облысының Телікөл көліне  балық аулаға кеткен екі адам із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы облыстықТөтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 17 Ақпан 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz


Ағайынды Ықылас пен Ілияс  Ақылбектер ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Телікөл қөліне балық аулауға кетіп, одан қайтып оралмаған. Ал олардың жоғалғандығы туралы ақпарат департаментке тек 13 ақпанда хабар түскен.

Осы оқиғаға байланысты құтқарушылар жоғалған азаматтардың отбасыларымен берге  олар балық аулауға барған көлден бастап Қызылорда-Жезқазған бағытындағы тас жолдың 84 шақырымында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Әзірге ол жұмыс нәтиже бермей отыр.