Жарияланды: 1600

Шүлбі су қоймасындағы су құрамының нақты көрсеткіштері норма аясында

Семей. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шүлбі су қоймасындағы су құрамының нақты көрсеткіштері норма аясында. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының мамандары осындай тұжырымға келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық мамандары мейлінше ластанған жерлерде талдамаға сынамалар алып тексерді. "Тексеру нәтижесінде гидробиологтар Шүлбі су қоймасы аймағында кеңінен таралған Anabaena және Nostoc тобына жататын жасыл және көгілдір түсті балдырлардың өсіп-өнуіне байланысты табиғи құбылыс болған деген қорытындыға келді. Бұл микроорганиздер улы болып табылмайды. Оқиға орнында адамдар мен жәндіктердің өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатер анықталған жоқ. Бұл табиғатта "судың гүлденуі" деп аталатын құбылыс ", - деп хабарлайды гидрометеорология орталығындағылар. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4 қазанда Семейдің Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөліміне Шүлбі су қоймасында судың бетінде иісі жоқ жасыл түсті дақ пайда болды деген хабар келген болатын. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін