Шуыл Алматының типтік экологиялық ластануының бірі болып табылады - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шуыл Алматының типтік экологиялық ластануының бірі болып табылады - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті

Шуыл Алматының типтік экологиялық ластануының бірі болып табылады - Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті

Алматы. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шуыл Алматының типтік экологиялық ластануының бірі болып табылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады.

  • 29 Қараша 2007
  • 911
Фото - Caravan.kz

«Көліктердің шуылы экологиялық ластанудың бірі болып табылады, себебі ол қоршаған ортаға тікелей әсер етеді. Алматыда көліктер санының жыл санап өсуінен көлік шуылының күшейгендігі байқалады»,- деп хабарлады департаменттегілер.

«Адам денсаулығына зиян келтіретін шуылдың оптималды немесе «санитарлық» деңгейі 50 децибел (дБ), ал дыбыстың ұйқыны бұзбайтын деңгейі 40 дБ болып саналады.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, жалпы Алматыдағы шуылдың деңгейі нормадан артық. Атап айтқанда, Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті ғалымдарының зерттеулеріне сүйенсек, Төле би мен Масаншы көшелерінің қиылысындағы жедел медициналық жәрдем ауруханысының ғимаратындағы шуылдың деңгейі күндізгі уақытта нормадан 2 есеге асып түссе, түнде 30 есеге дейін артады.

Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемесі мамандарының хабарлауынша, автокөлік шуылын азайтуыға факторларының бірі көше бойын көгалдандыру, бұтағы көп ағаштардан жасалған қорғаныс экран құрылғыларын орнату болып табылады. Сондықтан да мамандардың жұмыстарының бірі — ғимаратты жобалау және салу кезінде алдын ала санитарлық қадағалаус жүргізу. Сондай-ақ тұрғындардың шағымдары бойынша жұмыстарды қоса, ағымдағы қадағалау жүргізілуде.

«Мамандар кафе, мейрамхана залдарындағы, сондай-ақ тұрғындардың пәтерлеріндегі шуылды өлшеуде. Сонымен қатар шуылдың күндізгі (7.00-ден 23.00-ге дейін) және түнгі уақыттарға (23.00-ден 7.00-ге дейін) арналған жеке шекті деңгейі белгіленуде. Түнгі уақыттарда тыныштықты бұзу деректері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 333-бабы (тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктеледі»,- деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіндегілер.

Медицина қызметкерлерінің пайымдауынша, шуыл ұзақ уақыт әсер ету орталық жүйке жүйесінің функционалдық бұзылуына, яғни, адамдардың шаршауына, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне, эмоционалдық тұрақсыздығына, есте сақтау қабілеті мен назар аудару қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылуыне, бас аурып және айналуына әкеп соқтырады. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, шулы жерлерде көп ұзақ уақыттан бері жұмыс істеген адамдардың жүрек қан тамырлары жүйесінің бұзылатындығы байқалады. Шуыл сондай-ақ инфаркттар мен инсульттердің болуына себеп болады.