Швецияда ереуіл салдарынан әуе сапарлары кейінге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швецияда ереуіл салдарынан әуе сапарлары кейінге шегерілді

Швецияда ереуіл салдарынан әуе сапарлары кейінге шегерілді

Швецияда ұшқыштардың ереуілі аяқталғанына қарамастан, Скандинавия елдерінің ірі әуе тасымалдаушысы SAS 50 сапарын кейінге шегерді. Дегенмен компания өкілдері алдағы уақытта барлық рейстер қайта жанданатынын айтып отыр, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

  • 16 Маусым 2016
  • 238
Фото - Caravan.kz


Естеріңізде болса, өткен аптада жалақыларын көтеріп, еңбек шарттарын жақсартуды талап еткен швед ұшқыштарының кәсіподағы 5 күндік ереуіл ұйымдастырған еді. Соның салдарынан мыңға жуық әуе сапары кейінге шегеріліп, 100 мыңнан астам жолаушы діттеген жеріне уақтылы жете алмай қалған. Наразылық шарасынан келтірілген шығынның нақты көлемі әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 15 млн долларға дейін жетуі мүмкін.