Швециядағы терактіні өзбек азаматы жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швециядағы терактіні өзбек азаматы жасаған

Швециядағы терактіні өзбек азаматы жасаған

Өзбекстан азаматы Рахмат Ақилов сейсенбі күні Стокгольм округтық сотындағы тыңдауда швед астанасында 7 сәуірдегі шабуылды жасағанын мойындады.

  • 12 Сәуiр 2017
  • 314
Фото - Caravan.kz

Тергеуде Ақилов шабуылға "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы тапсырыс бергенін мәлімдеген деп жазады Centralasian.org.

"Ол террорлық қылмыс жасағанын мойындады", — деді Ақиловтың адвокаты Йохан Эриксен.

Бұған дейін жергілікті полиция басшысы Дэн Элиассон күдіктінің қылмыс жасағанын дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар барын айтқан еді. Сот Ақиловты қамауға алды. Тергеу жалғасып жатыр. Ол бір жылға созылуы мүмкін.

Ақилов басқарған жүк көлігі 7 сәуірде Стокгольм көшелеріндегі 18 адамды қағып, дүкенге соқтығысқан. Полиция кейін жүк көлігіне жарылғыш орнатылғанын білді. Террорлық шабуылдан 4 адам қаза тапты, 15 адам жараланды. Жүк көлігі сыра шығаратын компаниядан ұрланған делінеді.

Сол күні полиция 39 жастағы Ақиловты ұстады. Ол Швецияда құрылысшы болып істеген. Біраз уақыт бұрын ол швед билігінен баспана беруін сұраған, бірақ оның бұл өтініші қабылданбаған. Швеция билігі Ақиловты Өзбекстанға жер аударуы керек болған.


Соңғы жаңалықтар