Швейцария кеденшілері қытайлықтардан 260 келі піл сүйегін тәркіледі
![]() |
Швейцария кеденшілері Қытай азаматтарының шабадандарын тексеру кезінде 260 келіге жуық піл сүйегін тапты. |
CNN хабарлағандай, қытайлықтар танзаниялық Дар-эс-Салам қаласынан Бейжіңге бет алған.
Тасымалдау үшін пілдің азулары бөліктерге кесіліп, 8 шабаданға салынған. Сонымен қатар кеденшілер бір келі арыстанның азулары мен сүйегін тапты.
Қара базарда тәркіленген заттың құны шамамен 410 мың долларды құрайды, деп атап өтті кеден офицерлері.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін