Атырау облысы қаржы полициясында бұл ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады. Тек Рүстем Әлбақасов өңірдің бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ҰҚТ-ға қатысты қылмыстық іс бойынша халықаралық іздеуде жүргенін, ал оның ісі облыстық сотта қаралуда екенін еске салумен шектелді.
Бұған дейін экс-әкім Б. Рысқалиевтің отбасына тиесілі 100 млн. доллар көлеміндегі қаржы Швейцария банктерінде анықталғаны ресми түрде хабарланған болатын.
