Жарияланды: 420

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Аягөз гарнизонының 70 әскери қызметкері жаңа пәтерлерінің кілттерін алды

Семей. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының Аягөз гарнизонының 70 әскери қызметкері жаңа пәтерлерінің кілттерін алды. Бұл туралы "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл жұмыс 2007 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қорғаныс министрлігі әскерилердің өмірін жақсарту үшін тұрғын үй құрылысына және жөндеу жұмыстарына 800 млн теңгеден астам қаражат бөлді. Осы уақыт ішінде келісімшартпен жұмыс істейтін офицерлер мен әскери қызметкерлердің 300-ден астам жанұясы жаңа пәтерлердің кілттерін алды", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Жаңа үйлердің иелеріне пәтер кілттерін Қазақстан Республикасының "Шығыс" қолбасшысы Николай Поспелов табыс етті. Ол 2009 жылы тағы бір 75 пәтерлік үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын хабарлады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін