Жарияланды: 490

Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындар 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 83,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындар 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 83 млрд. 528 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл республикалық көлемнің 6,4%-ін құрайды.

Бұл туралы облыс әкімнінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. Өнім көлемінің индексі 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4,5%-ке өсті. Облыс бойынша өндірілген өнімнің 52,6%-і облыс орталығы- Өскемен қаласының үлесінде. Облыстағы өнеркәсіп өнімінің 88,7%-тік басым бөлігі 50-ден көп адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде. Облыстың 19 аймағының 8-інде, атап айтсақ, Абай, Аягөз, Глубокое, Қотан-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандары мен Семей қаласында өнеркәсіп өнімінің мөлшері азаю ағымы байқалды. Шығыс Қазақстан облыстық статистикалық басқармадан хабарлауынша, жалпы өнеркәсіп өнімінің 67,1%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде үстіміздегі жылдың 6 айында 56 млрд. 84 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Өнім мөлшерінің индексі 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,8% өсті. Мұндай көрсеткішке машина жасау саласындағы өнім 5,6 есе, тері және одан жасалған өнімдер өндіру мөлшері 57,2%-ке , металл емес минералды өнімдер мөлшері 34,5%-ке , ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 5,5%-ке артуының арқасында қол жеткізіліп отыр. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1%-ін иемденетін тау-кен өнеркәсібінде 2003-жылдың қаңтар-маусым айларында 14 млрд. 282 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі деңгейден 4,1% артық. Мұндай көрсеткіш тас көмір өндіру мөлшерін 23%-ке, мыс концентратын өндіру мөлшерін 17,4%-ке, алтынды концентраттар өндіру мөлшерін 9,5%-ке, мырыш концентратын өндіру мөлшерін 7,9%-ке өсіру нәтижесінде мүмкін болды. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көлік жабдықтары өндірісіндегі көрсеткіш 32,5%-ке кеміді. 2002-жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда химия өнеркәсібіндегі өнім көлемінің индексі 14,8%-ке кеміді. Бұған плавик қышқылын өндіру мөлшері 32,6%-ке, тазалық құралдары мен ұнтақ сабын өндіру көлемі 25%-ке азаюы әсер етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть