Тұрғындардың діни сауаттылығы экстремистік идеяларға және деструктивті діни ұйымдар қатарына кіруге қарсы иммунитет рөлін атқарады. Сондықтан қоғам діни сауаттылықты арттыру мәселесіне аса назар аударып отыр.
Форумға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеттің төрағасының орынбасары Б. Күлекеев, Қазақстан Республикасының дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры А. Әбдірәсілқызы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Е. Оңғаров, Орыс Православиелік шіркеуінің Қазақстандық Митрополиялық округінің шығармашылық бөлімінің басшысы Архимандрит Иосиф, Теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары қауымдастығының директоры Ю. Денисенко қатысады.
Форум ғылыми орта, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, мемлекеттік органдар, білім ордалар өкілдерінің дінтанушылықты оқыту жай-күйі, діни ахуалды және Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының мәселелерін талқылау үшін сұқбат алаңы болмақ.
Сонымен қатар, осы күні облыс мектептерінің «Дінтану негіздері» пәнінің оқытушыларына арналған «Оқушылардың діни сауаттылықтарын арттыру және «Дінтану негіздерін» оқыту ерекшеліктері» семинары өткізілмек. Семинар «Дінтану негіздерін» оқыту ерекшеліктеріне ғана емес, оқушылардың деструктивті ағымдарға бейімділігін айқындау тәжірибесіне арналады.