Шығыс Қазақстан облысы мен РФ Алтай өлкесінің басшылықтары Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі хаттамаға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысы мен РФ Алтай өлкесінің басшылықтары Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі хаттамаға қол қойды

Шығыс Қазақстан облысы мен РФ Алтай өлкесінің басшылықтары Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту жөніндегі хаттамаға қол қойды

Өскемен. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы мен РФ Алтай өлкесінің басшылықтары Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды дамыту саласындағы келісімдер хаттамасына қол қойды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Маусым 2008
  • 559
Фото - Caravan.kz

«Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенов пен Ресей Федерациясының Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлиннің кездесуінде қол жеткізілген келісімдердің хаттамасына қол қойылды. Көршілес екі мемлекеттің шекаралас өңірлерінің басшылары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени байланыстарды әрі қарай дамыту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің дамуына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

«Мәселен, Алтай өлкесінің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында орналасқан магистралды газ құбырларынан шағын құбырлар тарту жолымен Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің батыс аудандарын газдандыру мүмкіндігін зерттеу жайлы сөз болды», — деп хабарлады әкімдік.

Сондай-ақ, тараптар өңірлердің ауыл шаруашылық салаларының даму мәселелерін талқылады. «Шығыс Қазақстан облысы мен Алтай өлкесінің өнеркәсіп орындары арасындағы өзара пайдалы байланыстарды кеңейту, атап айтқанда, Шығыс Қазақстанға Алтай өлкесінің өнімдерін жеткізуді іске асыру жөніндегі ұсыныстар болды», — деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, құрылыс және сәулет саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді. «Алтай өлкесінің құрылыс салатын ұйымдары барлық қажетті процедураларды орындаған және сақтаған жағдайда Шығыс Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық, әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени бағыттағы нысандарын салу және жөндеуден өткізуге қатысуы мүмкін», — деп атап көрсетті ведомстводағылар.

Сондай-ақ кездесуде инфрақұрылымның дамуына, инвестициялық және инновациялық жобаларды жасауға, төтенше жағдайларда шұғыл әрекет етуге және т.б. қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

«Қос өңірдің ынтымақтастығы «Алтай — біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық үйлестіру кеңесінің аясында жалғасын табатын болады. Сонымен бірге, кеңестің бірлескен жобаларын жүзеге асыруға барынша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылданды», — деп хабарлады әкімдік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті