Жарияланды: 530

Шығыс Қазақстан облысы жекелеген ықшамаудандарды қолайсыз аймақтардан экологиялық тұрғыдан таза аймақтарға көшіру жобасын жасап шығарды

Семей. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысы жекелеген ықшамаудандарды қолайсыз аймақтардан экологиялық тұрғыдан таза аймақтарға көшіру бойынша "Экологиялық қалашық" жобасын жасап шығарды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенов хабарлады.

Жоба Экология жылының аясында іске асырылады. Ә. Бергеновтың түсіндіруінше, жоба қаланың ең қолайсыз аймақтарында орналасқан жекелеген тұрғын үй ықшамаудандарын экологиялық таза аудандарға көшіруді қарастырады. "Бюджет қаражатының есебінен коммуникация тартылып, инженерлік желілер, жолдар салынады. Жеке капиталды да тартсақ деген ойымыз бар. Бұл ықшамаудандардың ішінде алғашқылардың қатарында Өскемендегі 19 және 18 ықшамаудандар мен Семейдегі "Холодный ключ" ықшамауданы көшіріледі. Бұл аудандардағы коммуникацияларға қазірдің өзінде ақша бөлініп қойды. Сондықтан алға жылжулар бар", - деді Ә. Бергенов. Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру екі сатыдан тұрады және 2015 жылға қарай аяқталады деп жоспарланып отыр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін