Шығыс Қазақстан облысында 33 жер телімін заңсыз бөлу дерегі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында 33 жер телімін заңсыз бөлу дерегі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында 33 жер телімін заңсыз бөлу дерегі анықталды

Семей. 4-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында 33 жер телімін заңсыз бөлу дерегі анықталды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов Семей тұрғындарымен кездесіп, есеп беруі кезінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Ақпан 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, «жеке құрылыстар» деген атаумен жер бөлудің қаншалықты заңды екендігіне тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылған».

«Жерді бөлген адамдардың фантазиясына таң қаласың! Қазірде 33 құжат бар, олардың 30 — Өскемен бойынша және 3 — Семей бойынша прокуратурада жатыр. Мен біріншіден кінәлілерді тауып жазалауды, екіншіден заңсыз берілген жерлерді кері қайтарып алып, тыйым салуды тапсырдым»,- деді Ж. Кәрібжанов.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, бұл мәселе облыс басшылығының қатаң бақылауына алынғандығын атап өтті. Ол сондай-ақ, «қазіргі уақытта ортақ қолданыстағы орындарды көркейту мен бас жоспарын әзірлеу үшін қаржы бөлініп жатқандығын» хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті