Шығыс Қазақстан облысында «Алтайтану» орталығы ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында «Алтайтану» орталығы ашылады

Шығыс Қазақстан облысында «Алтайтану» орталығы ашылады

ШҚО-да «Алтайтану» орталығы ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлім етті.

  • 21 Тамыз 2013
  • 422
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, 26-27 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында «Алтай — түркі әлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы өтеді. Бұл атаулы шараның мақсаты — ұлттық тарихымызды түгендеу, тарихтан сабақ алу, түркітілдес халықтардың рухани мұрасын сақтау.

«Бірінші форум 2011 жылы ұйымдастырылып, онда қабылданған қарарға сәйкес, форумды алдағы уақытты дәстүрлі түрде екі жылда бір рет өткізіп тұру туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен қатар 2013 жылы «Алтайтану» орталығын ашуды келіскенбіз. Биыл форум барысында Шығыс Қазақстанда тұңғыш рет «Алтайтану» орталығын ашамыз», — деді әкім орынбасары.

Оның пайымдауынша, бұл орталықтың беретін мүмкіндігі зор болмақ, өйткені, шетелден және еліміздің басқа өңірлерінен келген ғалымдар «Алтайтану» орталығында бұл бағыттағы құнды деректермен, материалдармен кеңінен таныса алады. «Сонымен қатар шекаралас жатқан Қытайдағы, Моңғолиядағы, Алтай өңіріндегі ғалымдармен тікелей он-лайн режімінде байланысқа шығу мүмкіндігі жасалады. Осы орайда жүргізіліп жатқан археологиялық қазбалар жайында ғалымдар арасындағы пікіралмасулар өте маңызды», — деді Ж. Омар.