Семей. 1 қазан. «Қазақстан Бүгін» — Шығыс Қазақстан облысында Ауғанстанның бір азаматы көлік апатынан қайтыс болып, біреуі жарақаттады. Бұл туралы «Қазақстан Бүгін» агенттігінің тілшісіне Төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлады.
Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, 29-қыркүйекте 18 сағат 15 минутта Семей — Қайнар тас жолында УАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, КамАЗ көлігімен соғылған. «УАЗ көлігінде Ауғанстанның екі азаматы болған. 1982 жылы туған жолаушы апат болған жерде көз жұмып, 27 жастағы жүргізуші облыстық ауруханаға жеткізілді», — деп нақыталап өтті Төтенше жағдайлар басқармасындағылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті