Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР ҰҚК-нің Шығыс Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің аумақтық басқармасының бастығын өзінің жұмыс бөлмесінде пара алып жатқан сәтте қолға түсірді.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті